Шымкентте қоғамдық кеңестің қорытынды отырысы өтті

Шымкент қаласында Қоғамдық кеңестің қорытынды отырысы өтті. Кеңеске қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов төрағалық етіп, Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұрғазы Бұқарбай мен кеңес мүшелері қатысты.Алқалы жиын барысында бүгінгі отырыстаға кеңес мүшелерінің өкілеттіліктері тоқтап, құрам мүшелері жаңартылатындығы сөз етілді. Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов кеңестің атқарған жұмысына оң бағасын беріп, ескі құрам мүшелеріне алғысын білдірді.Кездесу соңында Бахадыр Нарымбетов кеңес мүшелеріне Шымкент қаласының әлеуметтік- экономикалық дамуы бағытын айқындауда, маңызды шешімдер қабылдауда мұқият кеңесіп, жан-жақты талқылауда пікірлерін ортаға салып, халық пен билік арасында диалог орнатуда елеулі үлес қосқаны үшін Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың Алғыс хатын тапсырды.

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы