Шымкентте 28 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды 

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында патрульдік полиция полкінің инспекторлары қала көшелерінің бірінде «Lexus 470» маркалы автокөлігін тоқтатты. 

«Қорғау» қосымшасы аталған жүргізушінің 28 млн теңге өтелмеген қарызы бар екені туралы хабарлады. Тәртіп сақшылары тиісті шара қолдану үшін сот орындашыларын шақырды. 

Ер адам екінші дәрежелі банктердің біріне 27 млн 500 мың теңге қарыз екені және 500 мың теңге өтелмеген салығы бар екені анықталды

Борышкерге төленетін төлемдер туралы ескертіліп, көлік айыптұраққа қамалды. Айта кетейік, қала тұрғыны қарызын толық қайтарғаннан кейін ғана темір тұлпарын ала алады.