Шымкенттік полицейлер балаларға жол ережесін үйретуде

Шымкенттік полицейлер күнделікті бекітілген мектеп жанында тұрып, балаларды сабаққа күтіп алып, шығарып салады. Осыған орай, №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында арнайы іс-шара өткізілді.Іс-шара – оқушылардың мектепке баратын, мектептен қайтатын жолдарында қауіпсіз жүріп-тұруларына жағдай жасап, балалардың қатысуымен орын алған жол апаттарына талдау жүргізіп, төтенше жағдайлар мен басқада өрескел құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ұйымдастырылды.Шара барысында жол-көлік оқиғаларын негізге ала отырып, «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында дәріс оқылып, профилактикалық жұмыс жүргізілді.Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы полиция аға лейтенанты Әсел Бекдуалиева балаларға жол жүру ережелерін түсіндіріп, жолдан қауіпсіз өтуін қадағалады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі