Шымкенттік полицейлер зейнеткерлерді қарттар күнімен құттықтады

1-қазан қарттар күніне орай, Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері ардагерлерді құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік пен бақ-береке тілеп, қызметтегі көп жылдық еңбектері үшін алғыс білдіріп, сыйлықтар табыстады.Өз кезегінде ардагерлер осылай елеп-ескеріп, арнайы мерекелік құрмет көрсеткендері үшін Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының ұжымына шынайы ризашылығын білдірді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі