Шымкенттік полицейлер карантиндік талаптарды сақтамаған кафені анықтады

Еліміздегі коронавирусқа байланысты Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Еңбекші ауданы аумағында орналасқан кафе-мейрамханаларға, ойынхана клубтарына тексеру жүргізді деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

28 сәуір күні сағат 01-56 тексеру барысында Шымкент қаласы » MISTER DEAN » кафесіне мониторинг жүргізу барысында, карантиндік талаптарды сақтамай 22:00-ден кейін келушілерді қабылдап қызмет көрсетіп жатқаны және келушілердің 3-дана кальян қор қорын тұтынып отырғаны, қызметкері келушілерді қабылдау барысында бір реттік бетперде мүлдем тақпағаны, мекемеге кіру орнында дез-кілемше жоқтығы, антисептик және термометрия құралдары жабдықталмағаны анықталды. Анықталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Еңбекші ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданып, түсініктеме алынды. Осыған орай, полиция қызметкерлері құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды және карантин кезінде азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға назар аударуды сұрайды.