Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінде (бұдан әрі — Департамент) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.Отырысқа Ведомоствоаралық жұмыс тобының мүшелері, Шымкент қаласының аудандық полиция басқармаларының, Шымкент қаласының қорғаныс істері Департаментінің және аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың өкілдері, БАҚ өкілдері және Департамент қызметкерлері қатыстырылды.Жиын барысында «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша орын алған кемшіліктерге қатысты мәселелері көтерілді.«Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылатындығын жұмыс тобының төрағасы А.Комекбаев басты назарға алды.Жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кемшіліктері Ж.Байменованың баяндамасында айтылды.Отырыс нәтижесі бойынша жоғарыда аталған қызметті сапалы көрсетуге бағытталған тиісті ұсыныстар берілді.Қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырумен қатар, тұрғындардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімі артуына ықпал етеді деп сенеміз.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті