Электронды форматта қылмыстық сот ісін жүргізу бойынша дөңгелек үстел өтті

Іс шараға Шымкент қалалық және аудандық соттарының судьялары мен Шымкент қаласының прокуратурасы, Экономикалық тергеу, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Полиция департаменттерінің басшылары қатысты.

Мәжілісті ашу барысында Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 22 желтоқсанындағы азақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі «Қылмыстық сот ісін жүргізу форматы» 42-1 бабымен, Қазақстанда қылмыстық сот ісі қағаздағы және (немесе) электрондық форматтарда жүргізіледі деп толықтырылғанын еске салды.

Одан әрі төраға сот ісін электрондық форматта жүргізудің мақсаты қылмыстық іс жүргізуге цифрлық технологияларды енгізу, оның ашықтығын арттыру, қылмыстық процестің мерзімдерін қысқарту, қағаз құжат айналымы шығындарын азайтып, іс материалдарына нақты уақыт режимінде қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, материалдарды бұрмалау тәуекелдерін барынша азайтуға және дәлелдемелерді жинау мен іс жүргізу құжаттарын жасау рәсімін жеңілдетуге ықпал ететінін атап өтті.

Абай аудандық сотының төрағасы Дидар Мұратбекұлы өзінің баяндамасында, қылмыстық қудалау органымен жол берілетін, қылмыстық істі электронды форматта жүргізу кезінде туындайтын күрделі мәселелерді айтып өтті. Кейбір мысалдарға тоқталып, баяндамашы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының процессуалдық нормаларын бұзуға әкеп соғатын қылмыстық қудалау органының іс жүргізу құжаттарын сапасыз қалыптастыруына және енгізуіне назар аударды. Оған қоса электрондық форматта қылмыстық іс жүргізуге қол жеткізу, сондай-ақ PDF-құжаттың түпнұсқамен сәйкестігін қамтамасыз ету және құжаттың сапалы енгізілу тәртіптері түсіндірілді.

Өз кезегінде шараға қатысушылар көбінесе бағдарламалық қамтамасыз етуде электрондық іс жіберілетін бағдарламалық базаның өзінен электрондық істерді соттарға жіберу кезінде туындайтын техникалық ахауларға сілтеме жасады.

Мәжіліске қатысушылар өзара пікір алмасып, қылмыстық істі электрондық форматта қарау барысында туындайтын күрделі мәселелерді талқылады.

Жиын соңында модератор Ербол Рахымбеков қылмыстық тергеу органдарына электрондық қылмыстық істі жүргізуді сақтауды, материалдардың тізімдемесімен сәйкес келмеуіне жол бермеуді, сондай-ақ қылмыстық істі электрондық форматта жүргізу барысында туындайтын процестік бұзушылықтардың алдын алу мен оларға жол бермеу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыруды ұсынды.