Этносаралық татулық — кемел келешек кепілі!

Бүгін аудан әкімі А.Абдуллаевтың төрағалығымен аудандағы этносаралық қатынастарды нығайту жұмыстарын үйлестіру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Жиынға аудан прокуроры Н.Алдабергенов, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Н.Оразбаев, құқық қорғау органдарының өкілдері, “Қоғамдық келісім” КММ-сі Сарыағаш аудандық филиалының басшысы мен қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Жарты төбе ауылдық округінің әкімі А.Ашировтың, Ақжар ауылдық округі әкімі Е.Сапарбаевтың және Қабланбек ауылдық округі әкімі Қ.Тұрсынбаевтың ауылдық округ аумағындағы этносаралық қатынастарды нығайту бағытында бір жылда атқарылған жұмыстары жөнінде баяндамалары тыңдалды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар ортаға салынып, жан-жақты талқыланды.

Сондай-ақ, комиссия отырысында аудан әкімі Арман Айдарұлы аудандағы этносаралық қатынастарды нығайту бағытындағы жұмысты әрі қарай жандандыруды тапсырып, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктеді.