Қазақстанда цифрлық белгісі жоқ темекіге айыппұл салынады

2022 жылдың 13 шілдесінен бастап цифрлық таңбалау коды жоқ темекі өнімдерінің айналымы үшін айыппұл салынып, тауарларды тәркілеу мен лицензиядан айыру жүзеге асырылады.

Бұл өзгерістер ҚР 2022 жылғы 11 шілдедегі №137-VІI «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 283-бабына енгізілді (ақпарат «Казахстанская правда» 2022 жылғы 12 шілдедегі №130 шығарылымында жарияланған (29757)).

Аталмыш өзгерістерді енгізу темекі өнімдеріне акциздік марканың жойылуына байланыстыжүзеге асырылды. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне және «Темекі өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес «акциздік маркалар» деген термин «сәйкестендіру құралдары» деген сөз тіркесімен ауыстырылды.

Акциздік марка – сұранысы жоғары тауарлардың жекелеген түрлеріне салық төлеуге арналған фискалдық марканың түрі, бұрын Қазақстанда темекіге қолданылатын. Темекі бұйымдарының акциздік маркасы қалың тікбұрышты өздігінен жабысатын қағазға графикалық үлгі бейнеленген жапсырма түрінде болды. Алайда таңбалаудың бұл түрі тұтынушылар үшін ақпараттық құндылыққа ие болмады және сауда үшін функционалды болмады — сәйкесінше, акциздік марканың жалғандығын тексеру қиын әрі оны ұқсаты оңай болды. Осыған байланысты темекі өнімдерін сәйкестендіру мақсатында бұрыннан бар қадағалау және таңбалау әдісімен – Data Matrix кодымен ауыстыру туралы шешім қабылданды. «Цифрландырудың» арқасында жылына 840 миллион теңге көлеміндегі қаражат үнемделеді.  

Енді 2022 жылғы 13 шілдедегі ӘҚБтК-нің 283-бабына қабылданған өзгерістерге сәйкес, темекі бұйымдарында цифрлық таңбалау жоқ болған жағдайда да дәл осындай жаза қолданылады. Яғни, қазіргі уақытта темекі өнімдеріне акциздік марканың функциясын толығымен ауыстырған таңбалау темекі өнімдерін идентификациялау құралы болып табылады.

«Акцизделетін өнімді акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған, акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы –құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ, лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – 50 АЕК (153 150 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК АЕК (459 450 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК (612 600 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 500 АЕК (1 531 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады»

*«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 137-VІІ Заңы 283-бабы.

Жалпы Қазақстандағы темекі өнімдері нарығының көлемі 2021 жылы 1,57 млрд қорапты (шамамен 605 млрд теңге) құрады.

ЕАЭО елдерінде, оның ішінде Қазақстанда тауарларды цифрлық сәйкестендіру және қадағалау үшін екі өлшемді Data Matrix коды қолданылады. 2020 жылдың қазан айынан бастап Қазақстандағы барлық темекі өнімдері осындай цифрлық қорғанысқа ие болуы тиіс, яғни қазірдің өзінде Naqty Onim мобильді қосымшасын пайдалана отырып, өнім туралы барлық қажетті ақпаратты алуға және оның заңды екеніне көз жеткізуге болады. Data Matrix қорғаудың жоғары дәрежесіне ие: криптографиялық шифрлау әдістерінің арқасында оны ұқсастырып, фейк жасауға мүмкін емес. Сонымен қатар, Data Matrix коды басқа аналогтармен салыстырғанда, ақпараттың үлкен көлемін қамтуы мүмкін. Data Matrix кодындағы ақпаратты 30%-ға дейін зақымдалған болса да оқуға болады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 3 өнім тобына міндетті цифрлық таңбалау енгізілді: темекі өнімдері, аяқ киім және дәрі-дәрмек. Пилоттық нұсқада таңбалау келесі өнім топтары бойынша жүзеге асырылуда: су және қант бар сусындар, зергерлік бұйымдар.

Темекі өнімдерін таңбалау туралы толығырақ мына жерден оқыңыз. Барлық сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына хабарласыңыз: 8 800 080 6565 

Цифрлық экономиканы дамыту орталығының баспасөз қызметі

Баспасөз хатшысы Алтынгүл Жанабай