Дін істері басқармасының басшысы тағайындалды

Бүгін қала әкімінің өкімімен Бексұлтан Ержанұлы Әділханов қалалық Дін істері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Бексұлтан Ержанұлы 1994 жылы Шымкент қаласында туған.

М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті және Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін бітірген. Мамандығы – құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Еңбек жолын 2016 жылы Шымкент қаласы әкімі аппараты заң бөлімінің бас маманының міндетін атқарушысы болып бастаған.

30.01.2017-05.04.2020 жылдары Шымкент қаласы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі заң бөлімінің бас маманы.

06.04.2020-23.08.2020 жылдары Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасы қоғамдық ұйымдармен жұмыс, талдау және мониторингі бөлімінің басшысы.

24.08.2020-08.07.2021 жылдары Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы қоғамдық-саяси ахуал бөлімінің басшысы.

09.07.2021 жылдан бастап бүгінге дейін Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі