Қазақстан Республикасы қоғамдық кеңестері төрағасымен өткен кездесу

Бүгін Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің мүшелері ҚР Білім және ғылы министрлігі ғылым комитетінің «Философия, саясаттану және дінтану институты» бас директоры, академик, ҚР Қоғамдық кеңестері қауымдастығының төрағасы Сейдуманов Серік Тұрарұлымен кездесті. Кездесу барысында бірқатар ұсыныстар мен тілектерді жеткіздім. Алдымен, еңбек ұжымдарында ұжымдық шарттардың орындалуы, жұмыспен қамтылған азаматтың өз еңбегі үшін дер кезінде лайықты жалақы алуы мәселелері қоғамдық кеңестің назардан тыс қалмай, еңбек адамының жалақысы нарықтағы азық-түлік, коммуналдық қызметтер бағасына сай индексацияланып отыруы үшін бақылауда болуы керек екенін айттым. Сондай-ақ, жұмыссыздық мәселесін шешу бойынша баяндамаларды естіп қана қоймай, бақылауды күшейту керек екенін атап өттім.Серік Тұрарұлы айтылған мәселелердің орынды екенін жеткізіп, қоғамдық кеңес осы бағытта жұмыстарды бақылауда ұстағанын құптап, жазып алды.

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы