Қала тұрғындарының қауіпсіздігі

«Қауіпсіздік ережелерін еске саламыз»акциясының басты мақсаты үйде, орманда, суда, көшеде, көлікте қауіпсіздік ережелерін, сондай – ақ алғашқы көмек көрсету тәсілдері мен шұғыл қызмет телефондарын еске салу болды.
Көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында Абай ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері қала тұрғындарымен тұрақты кездесіп, өрттерді болдырмау ережелерін түсіндіреді.
Бұл жолы олар бұл мәселенің ерекше шешімін тапты. Абай атындағы саябақта басқарма қызметкерлері Мамандандырылған жасақтың өрт сөндірушілерімен бірге электросамокаттарда парктің кең аллеяларымен жүріп өтті. ТЖ қызметкерлерінің электросамокаттарындағы ерекше жарыс саябақта демалып жатқан адамдардың назарын аударды.
Демалушылармен кездесу кезінде ТЖ қызметкерлері оларға жадынамалар таратып, тұрмыста, адамдар көп жиналатын жерлерде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін, ТЖ кезінде өзін-өзі ұстау іс-қимылдарын еске салды.
«Біз бәріміз өрт қауіпсіздігі ережелерінің міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етуге, өртке қарсы режимді қатаң сақтауға, қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін себептерді дереу жоюға міндеттіміз. Қауіпсіздік ережелерін сақтау әркімнің әдетіне енуі керек!», — деп адамдармен кездесу барысында мамандар нақтылап өтті.

Шымкент қаласы ТЖД