Қарияларға құрмет көрсетілді

Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылдық округінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты шара өтті. Тағылымды шараға ауыл тұрғындары мен ақсақалдары, ұстаздар мен оқушылар, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.Ауыл тұрғындарын қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев құттықтап, ақ тілегін арнады.- Тәуелсіздік жылдары өңіріміздің экономикалық даму көрсеткіштері қарқын алып, осы аралықта Арыс қаласы зор жетістіктерге кенелді. Уақыт талабына сәйкес, қала көлемінде ауқымды жобалар жүзеге асырылып, қайта жаңғыртулар жасалуда. Бұл ретте арыстық әрбір азаматтың еңбегі мен лайықты үлесін атап өткеніміз жөн. Баршаңызды ұлық мерекеміз –Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз ғұмырлы, Туымыз тұғырлы болсын!, – деді Р.Айтбаев.Айта кетейік, шара аясында қала әкімі Г.Құрманбекованың атынан арнайы құттықтау грамоталары мен медальдер ерен еңбегі сіңген азаматтарға табысталып, құрмет көрсетілді. Жиын барысында ауыл өнерпаздары көрермен назарына әсем әндерін тарту етіп, көрермен ықыласына бөленді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі