Қоғамдық келісім мен медиацияның маңызы

Қоғамдық келісім

Қазіргі қоғамда адамдар арасындағы дау-дамайлар мен келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешудің маңызы артып келеді. Осындай тиімді тәсілдердің бірі – медиация. Медиация – тараптардың өзара келісімге келуіне көмектесетін, дауларды сотқа жеткізбей шешуге мүмкіндік беретін рәсім.

Медиация қоғамдық татулықты нығайтуда маңызды рөл атқарады. Ол адамдар арасындағы түсіністікті арттырып, қарым-қатынастың сақталуына ықпал етеді. Медиация барысында тараптар бір-бірін тыңдап, ортақ шешім табуға ұмтылады. Бұл өз кезегінде қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етеді.

Бүгінде медиация отбасылық, еңбек, азаматтық және басқа да дауларды шешуде кеңінен қолданылып келеді. Оның басты артықшылығы – уақыт пен қаражатты үнемдеу, сондай-ақ тараптардың мүдделерін ескере отырып, өзара тиімді шешімге қол жеткізу.

 Түркістан облысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының жылдық жоспары негізінде, Ақсукент ауылында орналасқан «Достық үйінің» мәжіліс залында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Медиация кеңесінің ІІ тоқсандағы отырысы өтті.

Мақсаты – медиацияның қоғамдағы маңызын түсіндіру және жастар арасында өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру.

Аталған отырысқа «Қоғамдық келісім» КММ Сайрам аудандық филиалының басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Медиация кеңесінің алқа мүшелері, кәсіби медиаторлар Надирова Гулизар Юсуповна, Ирисметова Хамидахон Иристаевна және қоғамдық медиаторлар қатысты.

Өз кезегінде сөз алған Гулизар Надирова — 2026 жыл «Балалар жылы» деп жарияланғанын негізге алып, аудан көлемінде ата-аналарды балалардың бос уақытын бақылауға, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау және қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын ұстануға шақырды.

Отырыс барысында аудандық аналар кеңесінің алқа мүшесі, ақын Шонтыкова Тәнімгүл Жайлауқызы «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасы аясында әулет институтын дамытуға бағытталған «Ана махаббаты» атты авторлық кітабын «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалына сыйға тартты.

медиация – қоғамдық татулық пен келісімді сақтаудың тиімді құралы. Қоғамда өзара сыйластық пен түсіністік орнатуға бағытталған бұл институттың маңызы алдағы уақытта да арта береді.