Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болды

17.02.2023 жылы аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы М.Есалиев ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, есеп беретін бөлім және мемекеме басшылары қатысты.

Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:

1. “КазТрансГаз”АҚ-ның Түркістан өндірісінің филиалы Сайрам газ шаруашылығының атқарған жұмыстары туралы есебі.

2. Аудандық электр тарату жүйесі мекемесінің 2022 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі.

3. Сайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өндеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы” шешімінің күші жойылды деп тану туралы” шешім жобасына қорытынды беру.

4. Құтарыс ауыл округі әкімінің 2022 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі.

5. Манкент ауыл округі әкімінің 2022 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша “КазТрансГаз”АҚ-ның Түркістан өндірісінің филиалы Сайрам газ шаруашылығының басшысы М.Тұрымбетов 2022 жылғы қысқы жылыту маусымына дейінгі атқарылған жұмыстары туралы қысқаша баяндама жасады. Екінші мәселе бойынша аудандық электр жүйесінің басшысы Б.Мұсабеков өз баяндамасында аудан бойынша барлық трансформаторлар саны-2163 дана, оның ішінде 541 данасы Сайрам аудандық электр жүйесінің теңгерімінде, 1621- данасы мекеме, жекеменшік теңгерімде екенін баяндап берді. Үшінші мәселе бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері өз ұсынстарын айтып оң қорытынды берілді. Сонымен қатар Манкент пен Құтарыс ауыл округі әкімдерінің есептері тыңдалып, сұрақтар мен ұсыныстар жан-жақты талқыланып, кеңес мүшелері шешімдер қабылдады.