Қоғамдық кеңестің кезектен тыс кездесуі өтті

Сауран аудандық Қоғамдық кеңесінің бастамасымен кезектен тыс шұғыл кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді ұйымдастыруға Жаңа Иқан ауыл тұрғыны мен 9 сынып оқушысының арызы себеп болды. Кездесуге Қоғамдық кеңес төрағасы А.Маткәрімұлы, Қоғамдық кеңес мүшелері Қ.Сапаров, Т.Шералханов, А.Бегалиев, И.Абишев, аудандық білім бөлімінен А.Ақжанов, Жаңа Иқан, Ескі Иқан ауыл әкімдері Д.Саитов,Б.Исаевтар, Ә.Молдағұлова мектебінің директоры Б.Нурметов және тәрбие жөніндегі орынбасары Д.Сайдакбарова, сынып жетекшісі Д.Расулбеков, аудандық полиция бөлімі қызметкерлері жергілікті полиция бастығы А.Алентаев, учаскелік инспекторлар М.Ауезов, Б.Хашимов және арыз иелері қатысты. Арыздың қысқаша мәтіні, жасы отыздар шамасындағы бір азамат әлеуметтік желі арқылы оқушы қызбен, құрдаспын, деп танысып, нәтижесінде қыз балаға тиісіп, тыныштық бермей жүрген. Қыз бала одан қашып, басқа мектепке ауысқан, тыныштық болмаған соң, жергілікті полицияға арызданған, осы жағдайға байланысты қыздың ағайындарымен төбелес орын алған. Бірақ жергілікті органдардың ешқайсысы бұл жағдайға көңіл бөліп, тиісті жұмыстар атқарылмаған. Нәтижесінде барар жері, басар тауы қалмаған қыз бала Қоғамдық кеңеске арызданған. Кездесу барысында басты назар Жаңа Иқан ауылының учаскелік инспекторы Б.Хашимовтың іс-қимылына талдау жасалынып, осы мәселе бойынша әрекетсіздік танытқаны үшін оған шара қолдану ұсынылды. Кездесу барысында мектеп басшылығы тарапынан жіберілген кемшіліктер айтылып, білім бөліміне атқарылған жұмыстың заңдылығына баға беру туралы ұсыныс берілді. Кездесу барысында барлық тараптар тыңдалып, пікірталас туындап, нәтижесінде полиция бөліміне шұғыл шешім қабылдап, нәтижесін хабарлау туралы нұсқама берілді.

PS: Құрметті ата-ана! Өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиелеу басты міндетіміз екенін ұмытпайық. Сол себептен балдардың әрбір қадамын жіті қадағалау, олардың алдағы тағдырына жауапкершілікпен қарау деген сөз.