Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша кездесу өтті

Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді. Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру  өте маңызды. Халқымыздың құқықтық сауаттылығын арттыру қоғамның талабы болып отыр.

Түркістан облысының Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлері «Қоғамдық сананы жаңғырту» жобалар тобының міндеттерін іске асыру бойынша Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми бағыттағы ғалымдарымен және сала жетекшілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында университет ғалымдары құқықтану бағытында өз тәжірибелерімен бөлісіп, қызметкерлермен пікір алмасты.

Сананы жаңғырту — бұл қоғамның барлық мүшелерімен ажыратылатын бірегейлік, құныдылықтар және мәдени жадылар. Қоғамдық сананы жаңғырту гуманитарлық білімді жаңарту және қоғамның оның жаңа императивтерін қабылдау арқылы жүргізіледі. Жаңғырудың негізгі императивтері бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің жоғары құндылықтары мен білім және сананың ашықтығы болып табылатындығы айтылды.

Сонымен қатар  «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары аясында, Департаменттің қызметкерлерімен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және халыққа тәулік бойы тегін заң көмегін көрсету мақсатында, қала тұрғындарына құқықтық сұрақтар бойынша тегін кеңес алу, адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу мемлекеттік қызметті көрсету қағидасына сәйкес әзірленген жадынамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.