Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің шымкент қаласындағы әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті

28.04.2021 жылы Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позиловқа, Шымкент қаласының Тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары А.Балықбаевқа қатысты қозғалған тәртіптік істері қаралды. Отырыс барысында Кеңес мүшелерімен күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тәртіптік іс материалдары қаралып, зерделенді және лауазымды қызметшілердің түсініктері тыңдалды.Кеңес мүшелерінің шешімімен орын алған бұзушылықтарды есепке ала отырып:- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 5-тармағының 7) және 13) тармақшаларының талаптарын сақтамағаны үшін Шымкент қаласы әкіміне Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позиловқа «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасын;- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 5-тармағының 3) және 11) тармақшаларының талаптарын сақтамағаны үшін Шымкент қаласының Тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары А.Балықбаевқа «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасын қолдану жөнінде ұсыныстар енгізілді. Сонымен бірге, Кеңестің отырысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі (басшының орынбасары) Ұ.Тастемірдің және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласының статистика департаменті Тәртіптік комиссиясының төрағасы (басшының орынбасары) Ж.Ережепованың Тәртіптік комиссия жұмысының қорытындылары тыңдалып, нәтижесімен, Кеңеспен тиісті ұсынымдар енгізілді.