Қоғам өзгермей- сыбайлас жемқорлық жойылмайды!

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде 2022 жылдың 08 шілдесінде қызмет атқару барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және алдын алу мәселелері, радикалды діни ағымдар идеологиясы мен сыбайлас жемқорлықтың шариғатқа қайшылығы, олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымына және болашағымызға төндіретін қатер дәрежесіне қарсы іс-қимыл тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға департаменттің жеке құрамы және аудандық төтенше жағдайлар басқармаларының қызметкерлері қатысты. Департаменттің жеке құрам бойынша инспекторы азаматтық қорғау капитаны Н.Ерғалидың төрағалығымен өткізілген дөңгелек үстелге арнайы қонақтар да шақыртылды.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Шымкент қаласы Абай ауданы «Атамекен» мешітінің бас имамы Нұрсұлтан Тұрлыбекұлы Әбжәлел және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жани Сайдуллаұлы Камбар қатысты.

Азаматтық қорғау капитаны Н.Ерғали сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыру, идеологиялық жоспарларын орындау аясында азаматтық қорғау органдарының имиджін арттыру және қоғамдық сананы жаңғырту бойынша Департамент тарыпынан жүргізілген жұмыстарды атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қалсы бойынша департаментінің бас маманы Жани Сайдуллаұлы сыбайлас жемқорлық Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына, инвестициялар тарту процесі мен демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететіндіктен еліміздің болашағына айтарлықтай қауіп төндіретіндігін атап өтті сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, мемлекеттік органдарымен, азаматтық қоғам институтарымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және Қазақстан Республикасының 2022 – 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын іске асыру үшін көптеген жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтып өтті.

Шымкент қаласы Абай ауданы «Атамекен» мешітінің бас имамы Нұрсұлтан Тұрлыбекұлы сыбайлас жемқорлық — біздің заманымыздың ең қауіпті әлеуметтік індеттерінің біріне айналды. Оның себептері адами имандықтың төмендеуімен әлеуметтік және ұлттық дамудың әлеуметтік-мәдени, экономикалық, институционалдық және басқа да сипаттамаларына негізделген және сыбайлас жемқорлыққа шариғатта тиым салынғандығын ескере кеткен жөн.

Дөңгелек үстелге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қатысты талаптарды сақтау мәселелеріне назар аударуды күшейтіп, қызметкерлерінің барлық деңгейдегі жұмыстарында сыбайлас жемқорлықты болдырмауды қамтамасыз ететіндігіне сенім білдірді.

Бекзат Қамбаров Кадр саясаты басқармасының бастығы