Полицейлер қоқыстардың арасынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған пакетті тауып, тәркіледі

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатындағы  «Қарасора-2023″жедел- -іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жедел ақпаратты іске асыра отырып, Тараз қаласының шетіндегі ашық учаскедегі тұрмыстық қоқыстардың арасынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған пакетті тауып, тәркіледі.

Табылған қарудың ішінде 16 мм калибрлі «Иж-17» маркалы қосауыз тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, «ТОЗ-Б» маркалы тегіс ұзын ұңғылы аңшы мылтығы, газды револьвер, 5,45 мм калибрлі 30 патрон, 16 мм калибрлі 4 патрон, 9 мм калибрлі 12 травматикалық патрон және оқ өтпейтін жилет болды.

-Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  басталды. Сондай-ақ сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды, — деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.