«Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу»

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп– гимназиясында тәрбие орынбасарларының жоспарына сәйкес оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беруге, өз құқықтарын жете біліп оны өмірде қолдана білуге, құқықтық білімдерін толықтыру мақсатында арнайы мамандармен кездесу ұйымдастырылды. «Құқықтық сауаттылық» декадасы аясында ұйымдастырылған шараға Шымкент қаласы Абай аудандық сотының мамандары шақыртылып жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Абай аудандық сотының судьясы Э.К.Калымбетова, Абай аудандық сотының бас маманы сот отырысының хатшысы Ш.Ә.Игенов оқушыларға «Құқықтық сана-қоғамға пана» тақырыбында баяндама жасап бейнероликтер көрсетті. Баяндама жасау барысында кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтың әдетте қылмыстың ең көп түрі алдау, бопсалау, ұрлық бойынша қаралып жатқандығын айтып өтті. Әдетте кәмелетке толмағандар мұндай қылмыстарға заңды білмегендіктен, жалпы құқықтық сауатылықтың жоқтығынан баратынын алға тартты. Жиынды қортындылай келе оқушылар тарапынан сауалдар қойылып, тұжырымды жауаптар берілді.

Оқушыларымызға келешекте өз білімдерін шыңдайтын, рухани жан дүниесі бай, өз құқықтарын жете меңгерген еліміздің жақсы азаматы болуға сенім артамыз.

Сондай-ақ осы №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында тәрбие орынбасарларының жоспарына сәйкес «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 7-11 сынып ұл балдарымен жиналыс өткізілді. Жиналыста МДТІЖО Н.Т. Байдаулетов мектептің ішкі тәріп ережесіндегі оқушылардың міндеттерін және мектепке алып келуге тыйым салынған заттар тізбесімен оқушыларды таныстырып осы ережені бұзбауды атап көрсетті.

Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны Б.Канаев жасөспірімдер арасында кеңінен тараған құқық бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтіріліп, қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жауапкершілік түрлерімен таныстырып өтті. Оқушыларға аутодеструктивті мінез—құлықтың, жыныстық қол сұғылмаушылықтың, нашақорлықтың, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, жасөспірімдермен жасалатын құқық бұзушылықтың және жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Оқушылар тарапынан сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар берілді. Жиын соңында мектептегі ұлдар арасынан төраға сайланып, жоспармен таныстырылды.

Сонымен қатар оқушылар арасында анонимді сауалнамалар алынып, тиісті мамандармен зерделеу жұмыстары жүргізілді.