Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

«Жолдағы қауіпсіздік» басты орында! Осы тақырып аясында 12 тамыз сағат 16:00-де тікелей эфирде сүбелі сұқбат жүргізілмек. Іс-шараға Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков қатысады. Сұқбат барысында Түркістан облысы полицейлерімен атқарылған жұмыс нәтижесі баяндалып, профилактикалық әңгіме өрбитін болады.

Осы орайда Сіздің тарапыңыздан жол қауіпсіздігі, жол-көлік оқиғасы, жол белгілеріне қатысты сұрақтарыңыз болса, 8-771-137-66-87 ватсап нөмірі арқылы жолдасаңыздар, маманнан нақты жауап берілетін болады. Сауал сізден, жауап бізден!

ТО ПД баспасөз қызметі