Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директорының орынбасары Алиханов Бекболат Нұрғалиұлы 5.09.2022 жылы Отырар телеарнасында «Халық пен билік» бағдарламасы аясында ашылған «Елге қызмет» рубрикасында арнайы сұхбат беретін болады.
Тақырып: Халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер.
Тікелей эфирде сұрақтарды 8-7252-21-44-50 нөмірі арқылы және +77479968219 WhatsApp желісі арқылы қоюға болады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті