Құрметті қала тұрғындары!

Қауіпсіз ортаны және жарқын болашақты қалыптастыру баршамызға ортақ міндет.
Осыған байланысты қала прокуратурасы Шымкент қаласының Полиция департаментіне кез-келген азаматтар, қала тұрғындары мен қонақтары қала аумағында орын алған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ақпараттар мен мәліметтерді ұсына алатын «Instagram» әлеуметтік желісінде «shymkent_qq» парақшасын ашуға бастамашылық етті.
Шымкент қаласының Полиция департаментінің «8778-341-73-90» ұялы байланыс телефон нөміріне «WhatsApp» желісі арқылы орын алған құқық бұзушылықтар туралы нақты құқық бұзушылықтың мазмұны, орыны және уақыты қамтылған мәліметтерді көрсете отырып ақпараттар жіберуге болады.
Құқық бұзушылық туралы ақпараттарды ұялы телефонға «Timestamp camera» қосымшасын жүктеу арқылы фото және бейне жазбаға түсіріп, «8778-341-73-90» ұялы байланыс телефон нөмірінің «WhatsApp» желісіне жіберген жөн.
Келіп түскен құқық бұзушылықтар туралы ақпараттар бойынша Шымкент қаласының Полиция департаменті шұғыл шаралар қабылдайды.
Қазіргі уақытта аталған парақшаға 1758 адам тіркеліп, 43 публикация шыққан.
Бүгінгі таңда барлығы 158 құқық бұзушылық туралы ақпараттар келіп түсті, оның ішінде жол жүрісі ережесі талаптарын бұзушылықтар бойынша – 143, қоғамдық тәртіпке қол сұғушылық бойынша — 2, ретсіз сауда – 1 және басқада құқық бұзушылықтар туралы — 12.
Бұл құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылып, аталған бағытта жұмыстар өз жалғасын табуда.
Қазіргі уақытта қаладағы құқық бұзушылықтың ахуалына қарағанда, азаматтардан келіп түскен құқық бұзушылық туралы ақпараттар жеткіліксіз деңгейде.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпіз ортаны қалыптастыру, тұрғындардың құқықтық мәдениетін көтеру және қандайда бір зардабы орасан зор құқықтық салдардың туындауын алдын алу мақсатында белсенділік танытуға және жол жүрісі ережесі талаптаптарын сақтауға шақырамыз.

Шымкент қаласының прокуратурасы