Құрсайда көше жөндеу жұмыстары басталды

Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Құрсай елді мекенінде бұгінде 67 көше бар. Көшелердің жалпы ұзындығы 44,3 шақырымды құрайды. Оның 16 көшесі асфальтталса, 19 көшеге шағал тас төселген.
Қазіргі уақытта Құрсай елді мекеніндегі көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін 40 көшеге шағал тас төселмек.
Атап айтқанда, олар:
Сарыбел, Ұзынағаш, Алтын асар, Қайнарлы, Жетіжар, Шапағат, Жарқайың, Таң атар, Таң атар-1, Таң-атар-2, Таң-атар-3, Таң-атар -4, Таң атар-5, Ханшатыр, Сарғау, атауы жоқ №1,2,3,4,5,6,7,8 көшелер мен Белбұлақ, Ақтүйесай, Шорнақ, Бабақорған, Қостерек, Жылысай 1/8, Атақорған, Күмісті көл, Киіктау, Қарашығанақ, Ақ бата, Ақбата өткелі, Қосқорған, Аққыстау, Қармақшы, Бадам-1, Құрылыс көшелері.