Құқықбұзушылықтың алдын алуға қоғам болып күресейік

Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы полковнигі Бауыржан Батырбекұлы Зиятаев 2023 жылдың атқарылған жұмыстарын қорытындылау есебін берді.

Атқарылған жұмыстардың есебі бойынша бөлім бастығының бірінші орынбасары Ғ.Курбаналиев таныстырып, баяндама жасады.

Жиналысқа Төлеби ауданының әкімі Төлеген Тұртайұлы Телғараев және аудан прокуроры Оразалы Ералханұлы Абдраманов қатысып, Ішкі істер министрлігінде Мемлекет басшысының қатысуымен өткен кеңейтілген алқа жиналысындағы тапсырмаларды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асыруды және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жұмыстарын атқару жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

Жиын соңында ауданының әкімі Т.Телғараев қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуді, есірткі қылмысы мен интернет алаяқтың, отбасылық зорлық-зомбылықтардың және жасөспірімдерге қатысты қылмыстарының алдын алумен тек полиция қызметкерлері ғана емес, жалпы қоғам болып күресу керектігін атап өтті.