Құқықтық кеңес

Халықты құқықтық сауаттандыру,олардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін құқықтық органдармен көптеген шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Шымкент қаласы Әділет департаменттің ұйымдастыруымен қала адвокаттары және сала мамандары Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау басқармасының «Бақытты жанұя» орталығында «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді. Онда адвокаттар азаматтарға мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетті. Сала мамандары 18 жуық азаматқа, оның ішінде зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, көпбалалы отбасылар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге, АХАТ саласына, алимент өндіруге, жәрдемақы тағайындауға, тұрғын үй алу мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап алды.

Сонымен қатар  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Абай аудандық бөлімшесінде адвокаттар азаматтарға мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетті. 15-ке жуық азамат, оның ішінде зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, көпбалалы отбасылар өздерінің түрлі мәселелері бойынша құқықтық консультациялар алды.

Сондай ақ Шымкент қаласы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Шымкент қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының Қаратау ауданы №2 бөлімде адвокат, нотариус, сот орындаушының қатысуымен Ашық есік күні өтізілді.

Іс-шараның мақсаты – шалғай елді мекендегі азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру, заңгерлік көмек көрсету сондай-ақ, азаматтық хал актілерін тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу,апостиль қою және сот актілерін орындау бойынша проблемалық мәселелердің шешімін табуға құқықтық көмек көрсетілді.