Құқықтық сананы жетілдіру

Салт-дәстүр ұлттың бір мәдени қабаты ғана емес, сол халықтың төлқұжаты іспетті. Яғни, халық үшін оның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы басты құндылықтардың бірі саналады. Түркістан қаласы Көпсалалы индустриалды — техникалық колледжінде «Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері және ислам» тақырыбында жиналыс өтті. Іс шараға жастар ресурстық орталығынан теолог А.Сүлейменова, Дін мәселелер орталығының теолог маманы А.Дүйсен, Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы А.Марат, колледжідң тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә Көлбай, әлеуметтік педагог Ж Сарсенбаева қатысты. Іс шара барысында Асхат Дүйсен ислам дінінің қоғамда маңызды рөл атқаратындығын айтты дінді ұстана отырып,өзіміздің ұлттық дәстүрлерімізді, рухани құндылықтарымызды сақтауға тиісті екендігімізді айтты. Экстремизм мен терроризм қазіргі таңда бүкіл әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселе.

Терроризм- бұл әртүрлі мемлекеттердің ұлттық ,бүкіл әлемдік қоғамдастықтың қауіпсіздігіне қатер төндірген күрделі,көп қырлы және аса жағымсыз саяси әлеуметтік құбылыс, ислам діні ұлттық және рулық алауыздықты зорлық зомбылықпен,өшпенділікті насихаттамайды және қолдамайды.

Кез келген діни ағымның деструктивтілігі оның мақсаттарынан және іс-әрекетінің нәтижесінен аңғарылады. Теріс пиғылды ағымның арбауына түскен адамның жеке өмірінің деңгейі, сондай-ақ оның әлеуметтік, физикалық, экономикалық, рухани және моральдық жағдайы бұзылады. Соның салдарынан отбасы мен қоғам зардап шегіп, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келеді. Деструктивті діни ағымдардың таралуы халықтың діни сауаттылығының төмендігі, қазақстандық азаматтардың шетелде бақылаусыз діни білім алуы сияқты факторлардың әсерінен кең етек жайып кетті. Соның арқасында халық арасында радикалды идеологияның енуіне қолайлы жағдай туғызған негізгі себептер болды.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен елдегі діни саланы реттеу мәселелері Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі күні мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың бірлесе үйлесімді жасап жатқан жұмыстарының нәтижесінде елдегі діни ахуалдың тұрақтылығы сақталып келеді. Ел  Президентінің нұсқауарын орындау аясында террористік қатерлерді бейтараптандыруға арналған Қазақстанның жеке дербес жүйесі құрылып, жыл сайын жетілдірілу үстінде. Елімізде экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылға қатысты біршама тәжірибе мен біліктілік базасы жинақталды. Ол ең алдымен алдын алу шараларын жүргізу, халықтың діни-құқықтық сауаттылығын арттыру, түрлі радикалды идеологиялардың ықпалына төтеп беретін иммунитетті қалыптастыру жұмыстарынан тұрады. Бұл орайда дәстүрлі діни-рухани құндылықтардың ұлттың болашағын құруда ықпалды фактор екенін ұмытпауымыз қажет. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен руханияты, өмірлік ұстанымдары мен салт-дәстүрлері, дүниетанымы осы діннің құндылықтарымен сабақтаса қалыптасты.         

Бүгінгі күннің бет алысына қарай мың құбылып, сабан астынан су жүгіртуді көздейтін деструктивті діни ағымдармен білек сыбана күресуге тиістіміз. Өйткені, деструктивті діни ағым өкілдері жоққа шығарғысы келген дәстүрлі құндылықтарымыз ұлтымыздың қаны мен жаны болып есептеледі. Ал, рухани құндылықтарсыз мемлекеттің болашағы бұлыңғыр. Яғни, дәстүрлі құндылықтарымызды көзіміздің қарашығындай сақтау заман талабы. Жаһандық деңгейде әрекет ететін деструктивті ағымдардың ықпалымен күресте қоғамда ұлттық және діни-рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау арқылы ғана біз бүгінгі қоғамды және келешек ұрпақты жат идеологиялардың кері әсерінен қорғауды қамтамасыз ете аламыз.

Келген қонақтарға студенттер тарапынан сұрақтар қойылып,өздеріне керекті жауаптарын алды. Студенттерімізге қажетті ақпарат беріліп,үгіт насихат жұмысы жүргізілді.