Құқықтық сауаттылықты арттыру

Әу бастан адамзаттың болмысына рух беріп келе жатқан, тәрбие мен білімнің қайнар көзі саналатын діннің төңірегінде қазіргі кезде қоғамда дау көп. Әсіресе, әлеуметтік желіні ашып қалсақ, көпшіліктің дінге не болмаса дін жолында жүргендерге деген ішкі қарсылығы анық байқалады. Үй ішінен үй тігіп, ағым-ағымға, жік-жікке бөлініп алып, дін төңірегінде қызылкеңірдек болып жататындар барлық жерде кездеседі.

Соңғы кездері ел ішін жайлаған, жаңашылдық әкелмек болған деструктивті ағымдар кең таралуда. Ал, аталған ағымның шырмауына түскен адамдар хақ дін мен қара ниет ағымның арасын ажырата алмай дал. Діни сауатсыздығының кесірінен ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіретін жатқа жалтаңдап, халқымыздың салты мен дәстүріне керағар дүние жасап жатқандар аз емес. Жат ағымды жақтаушылар арасында жасөсіпірімдер де жиі кездеседі. Жастарымыздың осындай қателіктерге ұрынуына басты себеп – дұрыс пен бұрыстың аражігін ажырата алмай ғаламтор беттеріндегі түрлі жат ағымдардың сайттарына кіруі. Діни сауаттылығы әлсіз адамдарды бұл үлкен қатерге алып баруда. Ұлттық құндылықтарымызға, ұстанып отырған салт-дәстүрімізге қайшы келетін жат ағымдар қоғамға да адамға да кері әсерін тигізбей қоймайды.

27.09.2022жылы Түркістан қаласы С.Ерубаев атындағы 7мектеп- интернатында Түркістан қаласы әкімдігінің және облыстық дін істері басқармасының тапсырысы негізінде 7-10сынып оқушыларымен «Жасөспірімдер мен жастар арасында теріс ағымдардың ықпалының алдын- алу» мақсатында Түркістан қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Дүйсен Асхат мырзамен кездесу жиналыс болып өтті. Жиналыс барысында оқушыларға дәстүрлі емес діни қозғалыстар ,олардың шығу себептері,діни ағымдардың басты мақсаты,мемлекетіміздің ішкі қауіпсіздіктері туралы сөз қозғалды.

Сонымен қатар  осы C.Ерубаев атындағы №7мектеп- интернатында құқық бұзушылықтың алдын- алу мақсатында жоғарғы сынып оқушылармен профилактикалық жұмыс жүргізілді.Мектепішілік есепте,құқық бұзушылыққа бейім оқушыларды ҚІІБ бөліміне экскурция жасалды.ҚІІБ ЮП тобының инспекторы Е.Асанов,ДТІЖО Қ.Арқабаева оқушыларға тәртіпті,тәрбиелі, болашақта елімізге еңбек ететін патриот,Отан қорғайтын жақсы азамат болуларына тілек білдірді.