Құқық бұзушылықтың алдын алу

«№97 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» мақсатында 8-10 сыныптар мен жиналыс өтті. Жиналысқа құқық қорғау органдарының қызметкерлері: Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ ЮПБ УПИ аймақтық полиция капитаны Шораев Ерғали Жұмағалиұлы, полиция лейтенанты Ермаханбетов Ерсін Еркінұлы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары А.А.Акбарова мен Н.Б.Сарсенбекова, мектеп тәлімгері М.О.Мауленова, сынып жетекшілер 8-10 сынып оқушылары (85) қатысты. Жиналыс барысында «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арсында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында баяндама оқылды. Сонымен қатар оқушыларға әкімшілік құқықбұзушылық, қылмыс орын алған жағдайлар туралы және олардың қазіргі таңдағы халдерінен хабардар етті. ҚР Қылмыстық Кодексінің 140 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, айып тағылса кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата- анасына немесе заңды өкіліне 200АЕК ,60 күндік қамауға алынады, 90 күндік қоғамдық жұмысқа тартылатыны туралы түсіндіріп өтті. ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 442 баптың 1, 2 ,3 тармақтары, 434 б, 435 б, 127 баптың 1,2,3 тармақтары туралы айтылды. ҚР ӘҚБ кодексінің 441 бабында Автомобиль көлік құралында кәмелетке толмаған адамдар болған кезде оларда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекіні, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салу бойынша, құқықбұзушылықтар орын алғанда ата-анасына 10 айлық көрсеткіште айыппұл салынады. ҚР ӘҚБ Кодексінің 442 бабы Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы яғни оқушылардың түнгі уақытта заңды өкілдерісіз сағат 22:00 ден 6-ға дейін жүргенде ұсталса ата-аналарына 7 айлық көрсеткіш айыппұл салынады.Сонымен қатар 435 бапта Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық бойынша ата-анасына 7 АКП салынады және 436 бапта елдімекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтыратын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану бойынша қару тәркіленіп 20 АКП салынатындығын туралы айтылды . Жиналыс соңында оқушылар қонақтарға сұрақтар қойып, сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.