«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатайық!

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға  қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті. Көбінесе, әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады.

Республика аумағында әйелдерге қатысты әртүрлі дискриминация түрлерін жою туралы конвенцияға (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 шілдеде ратификацияланған) сәйкес жыл сайын Республика аумағында ағымдағы жылдың 25 қараша мен 10 желтоқсаны аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатайық!» ұранымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өту аралығында, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталып өтеді.

Акцияның негізгі мақсаты: көпшілікті әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге зорлық-зомблық жасауға бейім адамдармен жеке алдын алу жұмысын жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру. Акция барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңның негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстарын, әйелдерге әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсету мақсатында учаскелік полиция пунктерінің жанында мүдделік мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен «Қоғамдық қабылдау» ұйымдастырылады.

Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, не болмаса туысыңыздың, құрбыңыздың, көршіңіздің отбасындағы зорлық-зомбылыққа ұшырағанына куә болсаңыз, жағдайды өзгерту үшін мына телефондарға қоңырау шалуға болады:

Байланыс телефондар: Түркістан қаласы, Ерубаев көшесі 254 «Сенім» телефоны 102 нөмірлеріне, Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызмет секторы – 8-705 -176-18-93 нөмірлеріне хабарласа аласыз.