Жүкті әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан

Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің мәліметінше, жетінші баласын күтіп жүрген әйел күйеуіне мылтық, тапанша, патрондар және басқа да оқ-дәрілерді ұрлауға көмектескен.
«Үйдің ішін тінту кезінде тәркіленгендердің арасында тоғыз «Сайга» стволы, 2 мылтық, винтовка, тапанша, патрондар, резеңке дубинка, ағаш биталар, сапер күрегі мен радиостанциялар болды. 1996 жылы туған Т.есімді азамат, ұрланған қару-жарақ салынған бумаларды жеке үйінің алдындағы аумаққа көмген. Сондай-ақ, күдіктінің мінген көлігі де анықталды. Бұл кезде оның қасында әйелі болған, ол күйеуін ойланбай жасалған әрекетті, қылмыс жасауын тоқтатудың орнына, ұрланған заттар салынған жәшіктерді көлікке тиеуге белсене көмектескен», — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.
Заттай айғақтар тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 291 бабы 3 бөлігімен квалификацияланған. Әйелдің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Алматы қаласының Полиция департаменті