Ұлдар жиналысы өтті

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №97 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА — ҚАУЫМҒА ПАНА” жобасы аясында «ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ- БАСТЫ МІНДЕТ тақырыбында ұлдар жиыны өтті. Жиынға 5-7сыныптың ұл балалары, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, ұлдар ұйымының жетекшісі, өзін-өзі басқару ұйымының фракция мүшелері қатысты. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөпірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, сонымен қатар ұлдар тәрбиесі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты.

Сонымен қатар  осы №97 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 26 қыркүйек күні 8-11 сыныптың ұл балаларының қатысуымен «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу!» тақырыбында Ұлдар жиналысы өтті. Жиналысқа «Ұлдар» ұйымының жетекшісі М.А.Тулеев, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.А.Акбарова, аға тәлімгер М.О.Мауленова, сынып жетекшілер қатысты. Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім орната отырып, бүгін мен болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастыру.

Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектеп формасы, жайлы айтылды. ҚР ӘҚБ Кодексінің 442 бабы Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы яғни оқушылардың түнгі уақытта заңды өкілдерісіз сағат 22:00 ден таңғы 06-ға дейінгі уақытта жүрмеуге.Сонымен қатар әлім жеттік, күш көрсету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді . 435 бапта Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық бойынша ата-анасына айып пұл салынатындығы және 436 бапта елдімекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтыратын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану бойынша қару тәркіленіп 20 АКП салынатындығын туралы айтылды.