Әйелдерді қорғайтын полицейлер арнайы тренингтерге қатысып, білімдерін арттыруда

Түркістан облысы Полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері тікелей осы салағақатысты мекемелермен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасына бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлады. Оның ішінде 8-12 қараша күндері аралығында полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша оқыту тренингі өткізілуде. Оқытуды БҰҰ-ның ұлттық консультанты Сағадат Сәбитова жүргізуде.Тренингтің мақсаты — істерді жедел қарауға, білікті көмек көрсетуге, қайта бағыттауға ықпал ететін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әлеуеті деңгейін арттыруға бағытталған. Оқу курсы практикалық дайындықтың әртүрлі формаларын біріктіреді: теориялық хабарламалар, топтық сабақтар, ми шабуылы, контекстегі жағдайды ойнау. Оқу аяқталғаннан кейін әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері өз білімдері мен дағдыларын бұрынғыдан да жақсартып, гендерлік теңдікті күшейту үшін ұлттық және халықаралық құқықтық құралдармен танысады. Зорлық-зомбылықтан аман қалған адамдардың денсаулығын сақтау, психоәлеуметтік қолдау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сот төрелігіне қол жеткізу бойынша қызметтер көрсету стандарттары мен тартылған секторлар қалай өзара іс-қимыл жасауға болатын дамытады. Аталған тренингке Түркістан облысы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің инспекторлары белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісуде.

Түркістан облысы Полиция департаменті