18 жасар Түркістандық сайлауда алғаш рет дауыс берді

Түркістан қаласының тұрғыны Назгүл Қуандық кәмелет жасқа толып, алғаш рет дауыс берді.

Назгүл елі үшін өз таңдауын жасады. Ол маңызды саяси науқанда дауыс беруді өзінің азаматтық борышы деп біледі. Бүгін отбасымен бірге таңғы 7-де келіп, бір жанұядан 4 адам дауыс берген.

Айта кетейік, Түркістан қаласы бойынша таңғы 07:00-ден 50 сайлау учаскесінің есігі ашық. Азаматтар кешкі 20:00-ге дейін өз сайлау учаскесіне барып дауыс бере алады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі