Бүгін аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмахановтың қатысуымен Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 33 жыл толуына орай «Бейбітшілік – ел тілегі» атты Тағзым алаңында еске алу митингі өтті.Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов сөз сөйлеп, Семей ядролық сынақ полигонында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды еске алып, гүл шоқтарын қойды.Еске алу шарасы соңында аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов Семей полигоны зардабынан қаза болған боздақтардың ерліктері ешқашан ұмытылмайтындығын және жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталатынын жеткізді.
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі