Қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында қардан тазарту жұмысы қарқынды жүргізілуде. Көктемгі қар суының қаупін сейілту үшін коммуналдық мекемелер күшейтілген кестеде қызмет атқаруда.Ауа райының күрт өзгеруі салдарынан қар күреу жұмысын «Build stroi» мен «Жасыл жер» мердігер мекемелері жоспардан тыс өз көмектерін көрсетуде. Қазір қалада қар мен қоқыстарды тазалаудан бөлек еріген қар суын арылтуға арналған арнайы техникалардың жұмысы да қарқын алған. Әл-Фараби ауданында орталық 102 көше мен ішкі орамдық 302 көшені қардан тазарту үшін «Build stroi» мекемесінің 25 арнайы техникасы мен 110-ға жуық қызметкері жұмылдырылған. Абай ауданында орталық көшелер мен ішкі аулалардың қарын тазартуға да аталған компания тарапынан 35 техника мен 200-ге жуық жұмысшылары көмекке шығып отыр. Қарды тазалауға көппен бірге белсене кіріскен Бахтыораз Нұрсейітов «Build stroi» мекемесінде бір жылға жуық уақыт жұмыс істейді. Ол бірнеше күннен бері тынымсыз еңбектеніп жатқандарын айтады. Еңбастысы халықтың ризашылығы дейді. Еңбекші ауданында да тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін орталық көшелер мен ішкі орам жолдардағы 293 аялдама мен 155 шақырым аяқ жол қардан тазартылған. Бұл жерде «Жасыл жер» мердігер мекемесінің 16 техникасы мен 74 жұмысшысы тазалық жұмыстарын атқаруда. Аталған мердігер Қаратау ауданы аумағын да қардан тазалауда. Тазалық жұмысына 45 техника мен 180-нен астам қызметкер жұмылдырылған.

Ntime.kz