Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникация орталығында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенованың қатысуымен өткен баспасөз брифингінде айтылды деп хабарлайды Шымкент қаласы мәдениет басқармасы.
— Шымкент «жасыл» аймақта тұрғанымен, эпидемиологиялық ахуал тұрақты емес. Осыған орай қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасымен және санитарлық жағдайға байланысты жоспарланған мерекелік іс-шаралар барлық сақтық талаптарын сақтай отырып, телевизиялық форматта өтеді деп отырмыз. Концерттер мен мерекелік жиындар ПТС-пен түсіріліп, жергілікті телеарналар эфирінен көрсетіледі, — деді қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.