Ағымдағы жылдың 7-сәуірінде Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ табиғатты қорғау полиция тобының қызметкерлері жер қойнауын заңсыз қазуға қарсы рейдтік іс-шара өткізді. Шара барысында жергілікті тұрғын «Бадам» өзені жағасында ауыр жүк көлік құралын пайдалана отырып, жер қойнауын заңсыз қазып жатқан жерінен ұсталды. Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері заңсыз өзен арнасынан тас қазу жұмыстарын жүргізуге болмайтыны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Табиғатқа зиян келтіріп жатқан ауыр жүк көліктерінің әрекетін байқайтын кейбір тұрғындар тараптарынан да арыздар, хабарламалар келіп жатады. Ондай сәтте де жеделділігімізді көрсетіп, бірден әрекетке көшеміз. Жалпы өзеннің қиыршық тастарын, құмдарын заңсыз алып кеткендер, өзенге де, тұрғын үйлерге де орасан зор зиянын тигізуде. Жан-жағындағы ғимараттар, нысандар заңсыз қазып алынған жер қойнауларынан қалған үлкен шұңқырлардың кесірінен зиян шегеді. Осы жағдайдың барлығын ескере отырып, рейдтік шараларды жиі атқарып тұрамыз», — дейді табиғатты қорғау полиция тобының қызметкерлері.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі