Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Балжан Алипбек Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бекітілген әділет органдары қызметкерлерінің арасында моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Департаментке қарасты 5 ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімшелерге арнайы іс сапармен барып, қызметкерлер арасында әдістемелік семинар өткізді.Аталған шаралар Ордабасы ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі филиалы, Сайрам және Жетісай сондай ақ Сарыағаш, Кентау ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі филиалдарында өткізілді.Күн тәртібіне сәйкес, Балжан Мадиқызы ең алдымен мемлекеттік қызметтің маңыздылығына тоқталып, қызметкерлерге артылар міндеттерді түсіндірді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтегі әдебі туралы хабарлама жасап, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік қызметшілерге деген халық сенімін нығайту мәселелері жайында жан-жақты әңгіме қозғады. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп Кодексі талаптарының орындалуы, әдеп жөніндегі уәкіл жүргізген анонимдік сауалнама, мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша баяндама жасап, бірқатар мәселелерге тоқталды.Мемлекеттік қызметшілер бас қосқан отырыста одан әрі қызметкерлердің көкейлерінде жүрген сұрақтарына сәйкес ситуациялық мысалдар келтіріліп, қолданыстағы заң нормаларына сай тиісті жауаптар ортаға салынды. Осы ретте, мемлекеттік қызметте көп жылдық тәжірибе жинақтаған бірқатар бөлім басшылары өз ойларымен бөлісіп, жиынға қатысушылар әдеп қағидасын орындау мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті екенін ұғынды. Оны үнемі қаперде ұстайтындарын да жеткізді.Әдеп жөніндегі уәкілдер өз құзіреті шегінде консультативтік көмек көрсетеді, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді, өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Түркістан облысының Әділет департаменті