Жаңа қазақстан халық үніне құлақ асады

Мемлекет үшін халықтың пікірі қашанда басты орында. Ал, 5 маусым күні өткен республикалық референдум – халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатының көрінісі іспеттес. Себебі, маңызды құжатта халықтың әлеуетін арттыратын нақты реформалар мен жеке бас құқығына байланысты келелі мәселелер қаузалған. Референдумға келіп дауыс берген тұрғындардың пікірі осыған саяды.

Айта кетейік, Түркістан облысы референдум қорытындысы бойынша көш бастады. Тұрғындардың 80 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған.

Екі миллионнан астам тұрғыны бар өңірде 1 млн 163 мыңдай адам референдумда таңдау жасау мүмкіндігін алған болатын. Соның 940 мыңға жуығы референдум учаскелеріне келіп, маңызды шараға қатысты. Дауыс беру жағынан Бәйдібек, Отырар, Созақ пен Төле би аудандарының тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Сондай-ақ өңірде 6500-ге жуық байқаушы жұмыс істеді. Комиссия өкілдері дауыс беру барысында қандай да бір заңбұзушылықтар тіркелмегенін айтты. Жалпы халықтың саяси шарада халықтың белсенді болуы референдумға дайындықтың жоғары деңгейде жүргізілгендігінің арқасы, дейді сарапшылар. Бұған дейін қоғамдық штаб құрылып, халықпен 2800-ден аса кездесу өткізілген. Оған 288 мыңнан астам тұрғын қамтылды.

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да ұйымдастырылған №133 референдум учаскесінде 2,5 мыңға жуық сайлаушы тіркелген. Таңғы 7-ден бастап белсенділік танытқан тұрғындар Жаңа Қазақстанды құруға деген ниеттерін білдіріп, өз таңдауларын жасап жатыр. Аталған референдум учаскесінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев те дауыс берді. Ең алғашқы дауыс берушілерге арнайы сый-сияпат та көрсетілген.

Ntime.kz