Түркістанның төл телеарнасы — «Turkistan» деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз қарсаңында тұсауын кесті. Түркілерге ортақ телеарна «Отау ТВ» ұлттық спутниктік желісі және кабельдік желілер арқылы қалың көрерменге жол тартты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған халықаралық «TURKISTAN» телеарнасы түркітілдес мемлекеттердің ақпарат кеңістігінде 3 тілде хабар тарататын арна болмақ.
Айтулы күнге орай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «Turkistan» халықаралық телеарнасына арнайы келіп, жылы лебізін білдірді. Телеарна ұжымына шығармашылық табыс тіледі.
Бүгінде телеарнаға есімі елге белгілі, қолынан іс келетін 100-ден аса кәсіби маман жиналған. “TURKISTAN” телеарнасы әзірге тәулігіне 16 сағат эфирге шығады. Телеарна күн сайын өзекті ақпараттар мен қызықты бағдарламалар, телехикаялар мен деректі фильмдер топтамасын ұсынады. «Turkistan» телеарнасы түркітілдес елдер арасындағы ақпарат алмасу мен бірегей ортақ медиа кеңістік қалыптастыруға алтын көпірге айналмақ.
Елбасы 2018 жылы телеарна құру туралы тапсырма беріп, соның негізінде Түркістан телеарнасы құру жоспары бекітілген болатын. 2019 аталған телеарнаның іргетасы ретінде Түркістан қаласында өңірдің ақпарат саласының дамуына қолдау көрсету мақсатында жаңа медиа орталық іске қосылды.
Бүгін Түркі елдерінің үздік ақпарат өкілдерімен телеарна ұжымы арасында ынтымақтастық бағытында меморандумға қол қойылды. Бұл – елдер арасындағы ақпарат алмасу мен бірегей ортақ медиа кеңістік қалыптастырудың алғышарты. Меморандум аясында атқарылар жұмыстар – Түркі интеграциясының одан ары нығаюына оң ықпалын тигізетін болады.
Умирзак Шукеев поздравил коллектив телеканала «Turkistan»
«Turkistan» — уникальный телеканал Туркестана, презентация которого состоялась в преддверии празднования Наурыза передает пресс-служба акима Туркестанской области.
Телеканал начал своё вещание в спутниковой сети «Отау ТВ» и кабельных сетях. Международный телеканал «TURKISTAN», созданный по поручению Елбасы Нурсултана Назарбаева, станет каналом вещания в информационном пространстве тюркоязычных государств на 3 языках.
В честь знаменательной даты аким области Умирзак Шукеев посетил международный телеканал и пожелал коллективу творческих успехов.
Отметим, сегодня на телеканале работают более 100 профессионалов, а сам телеканал «TURKISTAN» пока вещает в эфире 16 часов в сутки. Телеканал ежедневно представляет подборку актуальной информации и интересных программ, сериалов и документальных фильмов. Телеканал станет ‘золотым мостом» для обмена информацией между тюркоязычными странами и формирования единого общего медиапространства.
В 2018 году Елбасы поручил создать телеканал, на основе которого был утвержден план создания телеканала. 2019 году в качестве краеугольного камня и основы данного телеканала в городе Туркестан запущен новый медиацентр для поддержки развития информационной сферы региона. Сегодня в областном центре состоялось подписание Меморандума о сотрудничестве с лучшими представителями тюркоязычных СМИ. Работа, проводимая в рамках меморандума, окажет положительное влияние на дальнейшее укрепление тюркской интеграции.