Өмірзақ Шөкеев түркістандықтарды Сауран ауданының құрылуымен құттықтады

Түркістан облысында жаңа Сауран ауданы құрылды. ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев түркістандықтарды тарихи оқиғамен құттықтады. Жаңа ауданның құрылуына байланысты атқарылатын барлық іс-шаралардың жүзеге асуымен арнайы комиссия айналысады. 

«Мемлекет Басшысының Жарлығына сәйкес, Түркістан облысында жаңа Сауран ауданы құрылды. Әкімшілік орталығы — Шорнақ ауылы болады. Оған Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері кіретін болады. Сондықтан бүгін тарихи күн.  Біз осыған байланысты тез арада барлық шараларды жүзеге асыруымыз керек»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Жаңа сауран ауданының әкімшілік орталығы – Шорнақ ауылы болады. Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері шығарылып, Сауран ауданына өтеді.

Ұлт руханиятында киелі ұғымға айналған «Сауран» атауының Түркістан облысында құрылған жаңа ауданға берілуі негізді. Ортағасырлық тарихи Сауран қаласы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан және ежелгі Түркістан ұғымымен тығыз байланысты. Сауран – XII ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. XIII ғасырдың орта шеніде Сауран – Ақ Орданың астанасы болған. Шорнақ ауылы облыс орталығы Түркістан қаласынан солтүстік – батысқа қарай 20 шақырым жере орналасқан. Бүгінде мұнда 12 мың халық тұрады. Жаңадан құрылатын аудан халқының саны 100 мыңнан асатын болады. Кентау қаласында орналасқан 12 ауылдық округтерінен жаңа аудан, Шорнақ ауылын әкімшілік орталығымен жалпы көлемі 650 мың гектар жерде орналасқан.

Умирзак Шукеев поздравил туркестанцев с образованием Сауранского района

В Туркестанской области создан новый район Сауран передает пресс-служба акима Туркестанской области.

 Соответствующий Указ подписал Президент РК Касым-Жомарт Токаев. На еженедельном аппаратном совещании аким области Умирзак Шукеев поздравил туркестанцев с историческим событием. Реализацией всех мероприятий, связанных с созданием нового района, занимается специальная комиссия.

«В соответствии с Указом Главы государства в Туркестанской области создан новый район Сауран, с административным центром в селе Шорнак. В состав района войдут сельские округа Шага, Жана Икан, Ески Икан, Ушкайык, Иассы, Орангай, Карашык, Жуйнек, Бабайкорган, Шорнак, Жибек жолы, Майдантал. Поэтому сегодня для всех исторический день. В связи с этим, мы должны незамедлительно принять все меры», — сказал аким области Умирзак Шукеев.

Отметим, новому району в Туркестанской области было принято решение присвоить название «Сауран», ставшее священным понятием в духовном наследии. В средние века историческое городище Сауран располагалось вдоль Великого шёлкового пути и было тесно связано с древним Туркестаном. В середине XIII века Сауран был столицей Ак Орды. Село Шорнак расположено в 20 км к северо–западу от областного центра города Туркестан. На сегодня проживает 12 тысяч человек. Численность населения вновь создаваемого района превышает 100 тыс. человек. Общая площадь района из 12 сельских округов, ранее входивших в город Кентау, с административным центром, составит около 650 тыс. га.