“Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде”- деп халықтың өзі айтқанымен сырқат алқымнан алмайынша дәрігердің есігін қақпау біраз тұрғынға тән қасиет. Мұның соңы орны толмас өкінішпен аяқталуы әбден мүмкін. Дәл осындай жағдай Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық орталық ауруханасында да орын алды. Дегенмен алтын қолды ақхалаттылардың көмегімен науқастың жаны аман қалды. Оқиғаны әлқиссасынан бастайық…
Венера Жайлыбаеваны біраз жылдан бері бауыр ауруы мазалайды. Дәрігерлер өтінде тас бар деп диагноз қойған. Бірақ, сырқаттың ағзасы отаға қауқарсыз. Бұдан бөлек, қан қысымы да тым жоғары. Аурудан айығу үшін талай есікті қақты. Бірақ, бәрінің айтары бір. “Ағза нархозды көтере алмайды”. Осылай біраз жылдар табанынан тозды. Тек ағымдағы жылы денсаулығы тағы бір сынаққа тап болып, қолы сынып, аудандық ауруханаға түседі. Сырқаттың жағдайы жақын арада отаны қажет етеді. Бірақ қойылған диагнозға қарап, бәрі ота жасаудан бас тартады. Тек аталмыш аурухана дәрігерлері Нуртай Жакияев пен Бақытжан Умуткалиев созылмалы жүрек ауруына шалдығып, күрделі ота жасауға қарсы нұсқау қойылған сырқаттың жағдайы мен мүмкіндігін ескере отырып ота жасауға тәуекел етеді. Осылайша, білімі мен білігі қатар үйлескен дәрігерлердің арқасында сырқаттың беті бері қарады. Үнемі игі іске ұйытқы болып, талай жанның тағдырына араша болып, жаңа өмір сыйлаған ақ халаттыларға тұрғындардың құрметі өлшеусіз.
Айта кетейік, Т. Рысқұлов аудандық ауруханасы травматология бөлімі аудан тұрғындарына жарақат және оқыс жағдайлар, хирургиялық патологиямен және травматологиялық аурулармен қалпына келтіру – оңалту арнайы мамандандырылған көмегін көрсететін бөлім. Бөлімде 3 дәрігер жұмыс істейді. Бөлім меңгерушісі Рубилов Уалихан Жұмабаевич жоғары дәрежелі траматолог, Рыскелдиев Бахытжан Умиткалиевич жоғары дәрежелі траматолог , жалпы еңбек өтілі 19 жыл . Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясын бітіргеннен кейін еңбек жолын Қордай аудандық орталық ауруханасынан бастап, 2007 жылдан бастап Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасында жалғастыруда. Жұмыста абыройлы, жаңашыл дәрігер. 2021 жылы Тараз қалалық ауруханасында білімін жетілдіру нәтижесінде аудандық орталық ауруханада эндоскопиялық , оның ішінде артроскопиялық оталар және БИОС оталарын жасауды ендіріп, жолға қойды.
Жакияев Нұртай Калиевич 1-ші дәрежелі хирург, жалпы еңбек өтілі 29 жыл, Алматы мемлекеттік медициналық институтын 1991 жылы бітіріп, еңбек жолын Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасында бастаған. Бүгінгі күнге дейін осы ауруханада жұмыс істеуде.
Мырзалиев Шындос Кершайызұлы 1986 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатриалық факультетін «балалар хирургы» мамандығы бойынша бітірді. Медициналық еңбек өтелі – 32 жыл.Еңбек жолын 1987 ж. Қордай аудандық ауруханасында балалар хирургі болып бастады . 1990ж. Москва қаласында білімін жетілдіріп, сол жылдары Луговой аудандық орталық ауруханасының хирургі болып ауысады. Денсаулық сақтау саласындағы реформаларға байланысты 2011жылы Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасына Бас дәрігер болып тағайындалды. Бүгінгі күнге дейін аудандық орталық аурухананың Бас дәрігері. Аудандық мәслихаттың 3-ші рет сайланған депутаты, 2022 жылы облыстық мәслихат депутаты болып сайланды.
Мекеме басшылығы жаңашыл аурухананың материалдық- техникалық базасын жақсартуда сіңірген еңбегі зор. Үнемі ізденісте болу нәтижесінде аудандық орталық ауруханаға соңғы үлгідегі КТ (компьютерлі томограф) , лабораторияға анализаторлар алынды.
“Уақыт талабы” газетінің Бас редакторы-Жібек Жайлыбаева