19.09.2022 жылы Департаменттің өкілі К.Каипназарованың, Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишевтың және «Алтын көпір KZ» ақпараттық агенттігінің бас редакторы С.Махамбетованың қатысуымен Шымкент қалысының Абай ауданы әкімі аппаратының қызметшілерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер жөнінде сөз қозғалды.
Іс-шара барысында Департамент өкілі жаңа редакциядағы Әдеп кодексінде көзделген талаптарды сақтау мәселелеріне және Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында көзделген мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау тәртібі бойынша мәселелеріне тоқталып өтті.
Сонымен бірге, Департамент өкілі іс-шара барысында қатысушыларға Агенттіктің заңнамада белгіленген құзыретін түсіндіріп, азаматтардың аудан әкімдігінің құзыреті туралы ақпараттандырылуын нығайту және кері байланыс орнату үшін мүмкіндіктерін оңтайландыру мақсатында мемлекеттік органның ресми интернет ресурсында және әлеуметтік желілерде кеңінен жариялануын ұйымдастыру және орналастырылған мағлұматтарды тұрақты түрде өзектендіріп отыру маңызы жөнінде пікір алмасты.
Кездесу барысында қатысушылармен мемлекетік қызмет саласындағы туындаған сұрақтар талқыланып, олар бойынша баяндамашылар тарапынан тисті түсіндірмелер берілді.