Абай ауданының прокуратурасы Еңбек кодексінің талаптарының қолдану заңдылығына талдау жүргізіп, жұмыс берушілер тарапынан еңбек қатынастарын реттейтін актілерді қабылдау кезінде жұмыскерлердің құқықтарын шектеу арқылы көрініс табатын заң бұзушылықтарды анықтады. Аудан аумағында орналасқан білім беру ұйымдары ұжымдық келісімшарттарды түзу барысында жалақысы сақталмайтын демалыс мерзімінің ұзақтығын шектеу, кейбір негіздерге байланысты мүлдем ұсынбау арқылы онда қызмет атқаратын жұмыскерлердің құқықтарын шектеген. Осы орайда, аудан прокуратурасы қадағалау актісін енгізіп, нәтижесінде 6495 қызметкердің конституциялық құқықтарын шектейтін ұжымдық шарттарды заңға сәйкестендірді.
Шымкент қаласының прокуратурасы