Бүгін түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің сегізінші отырысы өтті, деп жазады ntime.kz ақпараттық агенттігі қазақстан республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеңеске облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Б.Жылқышиев, қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы У.Қайназаров түркістан облысы әкімінің орынбасарлары С.Қалқаманов, Ұ.Тәжібаев, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің түркістан облысы бойынша департаментінен н.арынбаев, е.жүнісов, с.әсілбек, түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Д.Болатханұлы, кеңес мүшелері, облыстық білім беру ұйым басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде түркістан облысының білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебі мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясында» жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы тыңдалды.
Бірінші мәселе бойынша облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Д.Болатханұлы мен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Е.Жүнісов және қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы У.Қайназаров баяндама жасады.
Ержан Әліұлы, біздің органмен жүйелі түрде алдын — алу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанына қарамастан, кейбір білім беру мекемесінің басшылары ұрпақ тәрбиесімен айналысудың орнына, жеке бас пайдасының қамы үшін жемқорлық көріністеріне жиі барып жатқаны, жемқорлық әрекеттерін әлі де жалғастырып жатқан лауазымды тұлғалар бар екендігін айтып, білім беру ұйымдарының басшыларын өздеріне жүктелген міндеттерін адал атқаруға шақырды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысының орынбасары Сәбит Әсілбек «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясында» жүргізілген сыртқы талдау қорытындысымен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген жер учаскелерін сатумен, тұрғын үй салумен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөніндегі тиісті шараларды орындамаумен және корпоративтік қордың тиісінше емес қызметімен байланысты тәуекелдер анықталғанын жариялады.
Іс-шара соңында қоғамдық кеңес мүшелері аталған мәселелер бойынша тиісті сұрақтар қойып, өзекті ұсыныстарын жеткізіп, осы ұсыныстарды жұмыс барысында назарға алу қажеттігін айтты.