Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшылығының (Б.Нарбекованың және Ж.Утебаеваның) іс әрекеттеріне және Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының лауазымды тұлғаларына (Н.Кенжебаевтың және Е.Темирбековтың) қатысты тәртіптік істер қаралды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы әділет департаментінің (А.Исабекованың) және Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің (У.Тастемірдің) Әдеп жөніндегі уәкілдері қызметтерінің нәтижелері қаралды.
Сондай ақ, Шымкент қаласының құрылыс басқармасы басшысы М.Баимбетовтың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары бұзушылықтарының профилактикасы бойынша жұмысының қорытынды есебі тыңдалды.
Кеңес қорытындысымен қаралған мәселелер бойынша, тиісті мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершіліктерін қарау туралы және бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тиісті ұсынымдар енгізілді.
ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті