Шымкентте бес күнде 700-ге жуық құқықбұзушылық анықталды

Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.), әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс қылық.

Құқық бұзушылықтың алдын алу — мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған құқықтық, әлеуметтік, экономикалық ұйымдастырушылық іс-шаралар және өзге де шаралар кешені

Шымкент қаласы аумағында ағымдағы жылдың 17-23 қазан аралығында Жергілікті полиция қызметі басқармасы «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Іс-шараның 5 күнінде мотокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы – 697 дерегі анықталып, 3 мотокөлік айыптұраққа қойылды.

Оның ішінде: Пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқарған – 2, жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамаған – 33 тұлғаға хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, тыныштықты бұзу бойынша – 36, тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарған – 3 жүргізуші анықталды. Жаяу жүргiншiлердің белгіленбеген жерден өткендер саны да аз емес, 596 (Оның ішінде: мопед, самокат, велосипед жүргізушілеріне қатысты – 76) жаяу жүргінші жол ережесін бұзған.

Ntime.kz