Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу

Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау  маңызды мәселелердің бірі. Оқу жылы барысында ұжымға және мектеп оқушыларына құқықтық білім беру мақсатында мектепте жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізіледі. Соған орай құқықтық оқыту барысында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер (заңдар) бойынша сабақтар, дөңгелек үстел және пікір талас өткізіледі. Жалпы, мұндағы мақсат жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру.

Шымкент қаласындағы барлық білім беру ұйымдарында «Құқықтық сағат» , «Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жалпы заң төңірегінде түрлі бейнебайланыста жиындар өткізіп келеді.

Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Осыған байланысты ҚР Баланың құқықтары туралы заңына тоқталып өтсек, Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың ҚРның Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Бүгінде, Мегаполистегі барлық мектептерде осы тақырыпты кеңінен насихаттап, талқылаған оқушылар мен заң өкілдерімен өткен «ZOOM» платформасында өткен бейнебайланыс жиындары жалғасын табуда.

Бейнебайланыс жиындарға қатысып, пікірталас майданында заң сатысындағы өзіндік ойлары мен пікірлерін айтып жүрген мектеп басшылары, құқық қорғау өкілдері, мектеп инспекторлары, ұстаздар және оқушылар белсенділік танытып келеді.

Ntime.kz